0:00 / 0:00
Үкімет отырысында алдағы жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджет параметрлері талқыланған еді. Бас банкирдің болжауынша, инфляция 2024 жылғы 7,5-9,5%-тен, 2025 жылы 5,5-7,5%-ке дейін баяулайды. Кейін инфляция 5%-дың төңірегінде тұрақтайды. Сүлейменов инфляцияның төмендеуіне – іске асырылып жатқан ақша-кредит саясаты, әлемдік тауар нарығындағы бағаның тұрақтануы, сауда-серіктес елдердегі инфляцияның таргетке жақындауы және "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыру жұмыстары әсер етеді дейді. Мұнайға жатпайтын экспортта түстi және қара металдардың, кеннiң, сондай-ақ уранның жоғары әлемдiк бағалары да әсер етеді. Үкіметтің болжауынша, шикізатқа жатпайтын экспорт та ұлғаяды. 2025 жылғы экспорт 2024 жылғы 80,8 млрд доллардан 82,3 млрд долларға дейін өседі деген үміт бар. Ал импортқа келсек, оның көлемі келесі жылы 61,3 млрд долларды құрамақ. Мұның бәрі болжам. Ал бюджет шығысын жабу үшін Ұлттық қордан триллиондап қаржы тарту дәстүрге айналған. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, қордағы қаражат 53,8 млрд долларды құрап отыр.
Сүлейменовтің болжамы болып жатса әрине. 2025 жылы қордан 5,4 трлн теңге сомасында қаражат тарту жоспарланып отыр. Ал кейінгі болжам жасалған жылдары трансферттер көлемі тарихи көлемнен едәуір төмен болады. Атап айтқанда, 2026-2027 жылдары трансферттер сомасы тек 2 трлн теңге болады, - дейді ол. Үкіметтің Ұлттық қор ақшасына байланысты бұл жоспары орындалмай қалуы мүмкін. Егер салық реформасы бюджет кірісіне оң әсер етпесе, Ұлттық қордың қаражаты азая береді.