Ақ жайық өлкесіне арнайы келген Ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев батысқазақстандық кәсіпкерлермен де жүздесті. Кездесу барысында бизнес субьектілері жаңа кәсібін ашқан жандар өздері өндірген тауарларын көрсеткен еді.
Бұл-Гүлбақыт Қуанышқалиева. Ол биылдан бастап жент жасауды қолға алды. Жас кәсіпкер " Бизнес бастау" бағдарламасы арқылы біліп алып, кәсібін бастап отыр.
Бұлар мемлекет ұсынған түрлі бағдарлама арқылы білімдерін шыңдап, бизнес жоспарын құрып, қайтарымсыз гранттың иегері атанып, өз ісін ашқан.
Қуатты экономиканың түпқазығы- қанатын кеңге жайған шағын және орта бизнес. Осыны ескерген бизнес субьектілері кәсіпті дөңгелентіп, жаңа белестерді бағындыруды мақсат тұтып отыр.