Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҰЛТҚҰРУ» ИДЕЯСЫ

c 08:16, 28/04/2023 c 120

0:00 / 0:00

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында «ұлтқұру» идеясы ұсынылды. Күні кеше басталған жиында бұл ұсыныс жария етілді. Ал бүгін жалғасқан сессияның отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, Үкімет жыл соңына дейін ұлтқұру процесінің жай-күйіне талдау жасау қажеттігін айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, депутат Наталья Дементьева президенттің ұсынысы бойынша, заң шығарамыз деп отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «ұлтқұру» туралы ұсынысқа ғылыми талдау жасалатынын айтты. Сондай-ақ, ҚХА-ның Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының Пленарлық отырысында елдегі этностар арасындағы татулық, ассамблеяның жұмысы, мемлекеттік тілге қатысты да мәселелер талқыланды.

Еліміздегі 100-ден аса ұлт өкілдері бас қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында татулық, бірлік, тіл мәселелері талқыланды. Бұл жиында «ұлтқұру» туралы ұсыныс да айтылды. Президент өз сөзінде «мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін кешенді талдау қажет. Үкімет жыл соңына дейін тиісті өзекті ұсынымдармен ұлт құру процесінің ағымдағы жай-күйін талдай отырып, сараптамалық баяндама дайындауы тиіс. Бұл, жалпы, байыпты әңгіме үшін үлкен тақырып. Бейінді министрліктерден, Мемлекеттік басқару академиясынан ғылыми-талдама жұмысының сапасын арттыру және практикалық қайтарымы бойынша нақты ұсыныстар күтемін», - деді. Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстан азаматтарының барлығы өздерін үлкен әрі біртұтас қазақ отбасының мүшесі сезінетінін айтты.

Ал депутаттар «ұлтқұру» туралы ұсынысты жүзеге асыру үшін тиісті заң қабылдаймыз деп отыр.Дементьеваның айтуынша, бұл ұсыныс жүзеге асса төлқұжатта ұлтын жазу қажеттілігі болмайды.

Алайда, Ассамблеяның беделді мүшесі Асылы Осман ханым, бұл ұсынысты қолдамаймын дейді.

Ал өзін қазақтың қара домалақ баласымын деп санайтын Даниэль Джеймс төлқұжатта ұлтын көрсету қажет деп санайды.

Бұл әзірге ұсыныс. Оның қалай жүзеге асатынын уақыт көрсетеді. Ақпарат министрі «ұлтқұру» идеясына ең алдымен ғылыми талдау жасаймыз деп отыр.

Ассамбеляның жиынында Президент мемлекеттік тіл мәселесін көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді үйрену қалыпты жағдайға айналуы қажет екенін айтты. Алайда, тілді тиісті деңгейде меңгермегендер тіл үшін қысым көрмеуі керек деді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы этносаралық және тіл мәселесіндегі арандату әрекеттеріне заңмен қатаң тыйым салынғанын еске салды. Өздеріңізге мәлім, 1 мамыр Қазақстанда бірлік күні болып есептеледі. Бұл күні еліміздегі барлық ұлт өкілдері бас қосып, айтулы мерекені атап өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.