Қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандары азаматтар көп шоғырланатын тамақтану орталықтарының қызметкерлеріне арнап, арнайы сабақ беруде. Негізгі мақсат - қоғамдық тамақтану орынында қызмет жасайтын мамандарға санитарлық нормаларды түсіндіру мен олардың жұмысына көмектесу.
Департамент мамандары ертеректе, өз ғимаратымызда сондай түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін әрбір қоғамдық тамақтану өкілдерін шақырып, семинар ұйымдастыратын едік. Алайда, ол тәсілден келетін пайда аз болып шықты. Сол себепті жаз айларында облыс көлемінде жұмыс жасап жатқан 400-ден астам кәсіпкерлік нысанында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алып отырмыз,- дейді.
Биылғы жылы облыс көлемінде ас-ауқаттан уланған жағдай тіркелмепті. Өткен 2017 жылы жаппай азаматтардың астан уланған 3 фактісі орын алған еді.
Эпидемиологтар улану деректерін зерттей отырып мынадай тұжырымға келіпті. Жиі кездесетін олқылықтардың қатарында көп жағдайда тағамның дұрыс әзірленбеуі, мейрамхана мен кафелерде жұмыс жасайтын қызметкерлер медициналық тексерістен өтпей, жұмысқа қабылдануы болып отыр.
Сала мамандары қоғамдық тамақтану орындарын тексеру барысында санитарлық нормаларды аяққа таптаған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.