0:00 / 0:00
Бұған дейін өткен жылы атқарған үкіметтің жұмысына қатысты Жоғары аудиторлық палатаның есебі мәжіліс пен сенатта кезек-кезек тыңдалып, қаралған болатын. Жұмадағаы бірлескен отырыста қос палата депутаттары осы есепті қабылдады. Әрине екі сағатқа созылған отырыста депутаттардың үкіметке айтар назы мен сыны, ескертпелері көп болды. 2023ь жылы Ұлттық қордан 4 трлн теңге тартылған болса, соның 29 млрд етңгесі пайдаланылмай қалған.
Бұл жолы да жылдағы жыр айтылды. Бюджет тапшылығы, бюджеттің тиімсіз жұмсалуы, әлеуметтік-экономикалық жобаларға ақша тапшылығы, қазына қаржысын тиімсіз жұмсау деректері де 2023 жылдың бюджетінен көрініс тапқан.
Мемлекет қарызы да өскен. Өкінішке орай бюджеттің 40 пайызы әлі күнге дейін мұнай шикізатынан түскен пайда есебінен құралып отыр.
Ауыл шаруашлығында да проблема жетерлік. «Азық-түлік корпорациясы» АҚ ауа райы салдарынан зардап шеккен фермерлерді қаржыландыру үшін бөлінген 31,4 млрд.теңгенің 26,6 млрд.теңгесін игермеген. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру төмен, жаңа жұмыс орындарын ашу көрсеткіші де көңіл қоншытпайды. Ауыл шаруашылық техникасын алуға бөлінген лизингтің ақшасы да толық игерілмей жатыр деп ашуланды депутат Егізбаев.
Өз кезегінде үкімет басшысы экономиканың кейбір салаларында өсу қарқыны барын айтты. Мысалы, құрылыс, көлік пен байланыс салаларында 8 процентке жуық өсім бар. Сауда саласында өсу көрсеткіштері әзірше төмен болып отыр. Оған су тасықынының салдары әсер етті деп ойлаймыз. Бірақ ол көрсеткіштер бірте-бірте қалпына келіп жатыр”,-деді ол.Не керек, үкіметтің жұмысына көңілі толмаған депутаттар кемшін тұстарын тізбектеп шықты. Ал келесі жылы бұл мәселелер қайталанбасына кепілдік бар ма? Премьер-министр Бектенов жоғарыда айтылған ескертпелерді мойындап, кемшіліктерді жоямыз деп сендіріп кетті.
Үкіметтің есебін дауысқа қойған кезде Парламенттің қос палата депутаттары есепті ескертулермен бекітті. Сенаттан бір депутат қалыс қалса, мәжілістің жеті депутаты қалыс қалып, 14-і қарсы дауыс берді. Басым дауыспен есеп қабылданды.