0:00 / 0:00
Орал қаласында өзінің бұрынғы әйелін аса қатыгездікпен өлтірген Бауыржан Хайруллиннің жазасы өзгеріссіз қалдырылды. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында тараптардың уәжі қанағаттандырылған жоқ. Бұл іс бүгін облыстық сотта қайта қаралып, тараптар тағы бір мәрте тыңдалды.Естеріңізге сала кетейік, сотталған Хайруллин өткен жылдың сәуір айында бір жыл бұрын айырылысып кеткен Айнагүл Хайруллинаға 30 мәрте пышақ жарақатын салған еді. Қанды оқиға куәгерлердің көз алдында болған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенімен есін жимастан көз жұмды. Марқұмның соңында екі баласы қалды. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, алынған бейнежазбалар мен оқиға болған жердегі айғақтармен, сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Сот барлық мән-жайды ескере келіп, Хайруллинге ҚК 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Сот материалдарында белгілі болғадай қанды қол қылмыскер Хайруллин жәберленуші Айнагүл Хайруллинаны аса қатты ашу-ызамен өлтіріп, барлық әс-әрекеті арқылы жәбірленушіні ерекше азаптап жатқанын анық сезіне отырып қылмысты қасақана жасаған. Яғни Хайруллиннің пиғылы аса қатыгездікпен әдейі өлтіруге бағытталған. Сотталушы өз қылмысын жасаған кезде аффект жағдайында болмапты.
Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі ең жоғары мекемесінде өтейді. Сотталушыдан жәбірленуші тарапқа 15 миллион теңге моральдік залал өндірілуі тиіс. Сот үкімі заңды күшіне енді.