Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үйлену оңай, үй болу қиын

c 21:17, 25/11/2019 c 538

0:00 / 0:00

Тек ағымдағы жылы 2143 адам отбасын қолдау  орталығынан көмек сұрап келсе, оның 2 мыңы ажырасу мәселесін көтерген. Өткен жылы  55 мыңға жуық жұп ажырасса, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 45 мың жұп айырылысып кетті.  Елордада баспасөз маслихатында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың көбейіп отырғанын, оның соңы ажырасуға әкеп соғатыны айтылды.  Дағдарыс орталықтарының одағы елімізде «16 күн зорлық-зомбылықсыз»  акциясын өткізгелі отыр. Республика бойынша 8 қалада 16 орталық ашқан Одақ мамандары  басты міндетіміз-ажырасу санын азайту дейді.

Ажырасу  қоғамды алаңдатып отырған үлкен мәселеге айналды. Ең қиыны, жыл өткен сайын ажырасу көбеймесе, азаяр емес. Өткен жылы  55 мыңға жуық жұп ажырасса, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 45 мың жұп айырылысп кетті.  Көңіл жарастырып қосылған жастар көп жағдайда тұрмыстық ауыртпашылықты көтере алмай ажырасып жатады. Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда ажырасудың бір себебі-несие болып отыр. Әлеуметтік жағдай отбасын, ошақ қасын сақтап қалуға кедергі келтіруде.

Осындай дағдарысқа түскен отбасын қолдау үшін құрылған  орталықтан көмек сұрап келгендердің басым бөлігі ажырасу мәселесін көтереді екен. Тек ағымдағы жылы 2143 адам орталықтан көмек сұрап келсе, оның 2 мыңы ажырасу мәселесін көтерген. Өкінішке орай қиындыққа шыдамаған жұп бірден ажыраса салуды жөн көреді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық та ажырасудың бір себепшісі. Әйелін ұрып-соғып фактілері көп тіркеледі. Бірақ дағдарыс орталығы әйелінен соққы көрген ер азаматтың шағымын  қарастыруға тура келді дейді.

Диана Бейсова – «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ психологы; «Маған бір отбасы келді. Күйеуі жуас әйелінен қорқып отыр. Қолын көтеріп қалса, дірілдеп отырады. Біреуге күлкі шығар. Бірақ ол шынымен әйелінен соққы көрген еркек. Әйелім ұрады, тырнайды, мазақ қылады дейді күйеуі. Мұндай жағдай менің тәжірибемді бірінші рет кездесті ».

Осылайша, отбасыдағы жан-жалға тек күйеуі ғана емес, әйелдің де кінәсі бар дейді мамандар. Ал әйелдеріне экономикалық қысым жасайтын еркектер де жоқ емес. Жалақысын ішімдікке, ойынқұмарлыққа салатын ер азаматтардан әйелдері кетіп қалып жатады.Оның соңы жұбайының көзіне шөп салу фактілеріне әкеп тірейді екен.

Диана Бейсова – «Дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ психологы; «Кей еркектер жалақысын ойынқұмарлыққа салып жібереді. Үйіне бір тиын әкелмейді. Өзінің рахаты үшін өмір сүретіндер бар. Бұндай жағдайда әйелдер күйеуінің көзіне шөп салады. Екі тараптан да жауапкершілік болмай, отбасы бұзылады».

Дағдарыс орталықтары ажырасуды азайту үшін тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуді ұсынады. Ажырасу барысында  зардап шегетін бала үшін, ата-аналарының жауапкершілігін теңестіру қажет дейді мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.