Орал тұрғыны үйін қолдан қару-жарақ жасайтын шеберханаға айналдырған. 28 қаңтарда жедел-іздестіру шаралары барысында күдік туғызған 1959 жылы туған Ф. есімді азамат ұсталды. Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері заңсыз қару айналымы саласындағы қылмыстың жолын кескен. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында бірқатар фактілер анықталған. Күдікті жатын бөлмесін қару-жарақты заңсыз жасайтын шеберханаға айналдырған. Оның бірнеше рет атыс қаруын, олардың компоненттерін заңсыз өндірумен немесе жөндеумен, сондай-ақ оқ-дәріні заңсыз өндірумен айналысқаны анықталды. Пәтердегі барлық қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.