0:00 / 0:00
Ғимарат 1971-жылы жатақхана есебінде бой көтерген. Осы жылдар аралығында опырылып, қабырғасы жарылып, құбырдағы суы далаға кеткен тұрғын үйдің бүгінде әжетхана тұсының тастары түсіп, үлкен тесік пайда болыпты. Үнемі жел гулеп тұратын ғимараттың әбден ескіргені көрініп-ақ тұр. Бүгінгі күні бұл үйде тұрып жатқандардың 50 пайызы пәтерді жалға алып тұрушылар екен. Баспанаға әр айлық ақысын төлеуді ғана білетін азаматтардың өзгенің мүлкіне жүрдім-бардым қарауы мен тұрғын үйдің еш күтім көрмеуі осындай апатты жағдай әкеліп соқтырған болса керек. Ал жөндеу жасайтын мамандарға ешкім қалтасынан көк тиын төлегісі келмейді,деп ашынған жауапты қызметкер оның себебін былай түсіндіреді. Қала әкімдігі жатақхананы бұзбай, оған жаңғырту бағдарламасымен жөндеу жасап, лекерлеуге болатынын айтады. Себебі жаңа тұрғын үй салуға бюджетте қаражат жеткіліксіз. Алайда сәуір айынының басынан осы мақсатта жиналыстар өткізілгенімен, олар бұл қолға алуға келісімдерін бермей отыр. 44 жылдық тарихы бар тұрғын үйді мекенденушілерге үйінді астында қалмай, тығырықтан шығар жалғыз жол- ТҮ-ді жаңғырту бағдарламасымен жаңғырту жүргізуге келесім беру ғана екенін аңғардық.