Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҮЙДІҢ АҚШАСЫ ҚОЛҒА БЕРІЛМЕЙДІ»

c 18:56, 23/04 c 66

0:00 / 0:00

Қарғын суда қалған, арнасынан асып, тасып жатқан өзендердің суы басқан аймақтарда судың беті толық қайта қойған жоқ. Төтеншеліктердің мәліметінше, су алған өңірлерде 5 мыңнан астам үй су астында қалды. 16 мыңнан астам саяжай, бір мың аула аумағы мен 91 ғимарат суға шайылды. Қазіргі таңда Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Ресейден Жайық өзеніне келіп жатқан су батыстағы жағдайды күрделендіріп жіберді. Енді баспанасын су басып кеткен халық үкіметтен үмітті. Бұған дейін бір үйдің бағасы 22 млн теңгеге бағаланған еді. Құрылыс министрі ол ақшаны үйі суға кеткендердің қолына ұстатып қоймаймыз дейді.

Шарлапаевтың айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен үй иесінің таңдауы бар. Оған үйді қайта салып береді, болмаса әкімдік арқылы екінші нарықтан пәтер алады. Бірақ жөндеу жұмыстарын әкімдік пен құрылыс компаниялары жасайды. Министрлік әзірге қанша үй салынатыны жайныда ақпарат жоқ деп отыр. Себебі, оны тескеріп, есептеу жұмысы аяқталған жоқ. Ендігі Ақтөбе облысының Қобда ауылында құрылыс жұмыстары басталды. Онда инфрақұрылым тартылып, 87 үй салына бастады дейді ол. Ал халықтың дүние-мүлкі яғни жиһаздры мен тұрмыстық технкиасы өтеле ме? Үкімет басшысы зардап шеккендерге келтірілген шығындар түгел өтеледі деп сендірді.

Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығындары да өтеледі. Суға батып, қырылған малдың да шығын орнына келтіріледі. Оның бәрін арнайы комиссия майшаммен қарап, есептеп жатыр деп сенеміз. Жалпы аймақтарда шығын көзін өтеуге 16 мың өтініш келіп түскен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.