Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үйде отырыңыз!

c 21:17, 30/03/2020 c 846

0:00 / 0:00

Аты жаман індет еліміздің барлық аймағына тарады. Қысқа уақыт ішінде Қазақстанда 294 адам коронавирус жұқтырды. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан басқа Қарағанды, Атырау, Ақмола облыстары да карантинге жабылды.  20 адам бұл індеттен емделіп шықты, бір адам көз жұмды. Әлемді шарпыған індетпен күресте біздің елде қауіпсіздік шарасын қамтуда. Карантин тәртібі күшейтілді. Үйде отырыңыз деген ұранмен қазақстандықтарды бұл жағдайға немқұрайлық танытпауға шақыруда. Өкінішке орай қауіпті індет тез тарап жатса да, карантин талаптарын сақтамай заң бұзып жатқандар да жоқ емес.

Аты жаман аурудың белең алуы қарқындап барады. Еліміздің барлық өңірін шарпыған індет қолға алынып жатқан қауіпсіздік шараларына дес берер емес. Өкініштісі көптеген азаматтар карантин талаптарын сақтамай отыр. Тек Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тәртіп сақшылары карантин талабы күшейген екі күннің ішінде  164 адамды ұстады.  68 тәртіп бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылған. Қалғандарымен  профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Төтенше жағдай барысында кәсіпорындарындың жұмысы тоқтады. Бұл орайда жұмыссыздық саны артуда. Елордада бүгінгі күні 300 аса адам жұмыссыз қалып, әлеуметтік көмек сұрап отыр.

Өздеріңізге мәлім, қалада карантин талабы күшейтіліп, 28-і  наурыздан бері шахарда азаматтардың бейберекет жүріп-тұруына шектеу қойылды. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтарға үйінен шығуға болмайды. Тәртіпке бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Қалада қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл 5 –і сәуірге дейін созылмақ.  Жол сақшылары қаладағы әр көлікті тоқтатып, жіті  тексеру жүргізуде. Қала ішінде жүруге рұқсат етілген жұмыскерлердің қызметтік куәлігі немесе жұмыс орнынан арнайы анықтамасы болуы міндетті. Ол болмаған жағдайда жауапқа тартылады. Ел астанасындағы барлық саябақтар арнайы қоршаулармен жабылған. Ал осы күндері қауіпті індетпен күресіп жатқан ақ халатты жандарға қонақүйлер, арнайы көлік бөлініп, тамақ ұйымдастырылуда.

Айта кету керек, елордада екі медициналық мекеме мен  жатақхана дереу карантинге жабылды.100 адамдық  жатақхананың карантинге жабылу себебі -  онда коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған тұрғын анықталды. Неше күннен бері қала көшелерін, тұрғын үйлердің кіре берістерін дезинфекциялау жүргізіліп жатыр.  Елорда мен Алматыдан басқа, Ақмола облысы да  ертеңнен бастап карантинге жабылады. Өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 11 адамды құрап отыр.  Сондай-ақ, Қарағанды, Атырау облыстарында да қауіпті вирусты жұқтырғандар саны артып, карантинге жабылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.