Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары алдағы уақыттан бастап, үй жануарлары мен ірі қара малдарды тірілей саудалануға болмайтынын хабарлайды. Сондай-ақ, сала мамандары үй жағдайында дайындалған тағамдар дүкен сөрелерінде саудаланбайтын болыпты. Олардың қатарында, сүт өнімдері, ет өнімдері мен түрлі тосаптар жататын көрінеді. Аталмыш тауарларды саттыққа шығару үшін азаматтар арнайы мекемелердің рұқсаты мен тағамдардың арнайы анықтамасы болуы шарт екен.