Биыл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштерді онлайн түрде қабылдау басталды. Сала мамандары биыл мектеп бітіретін түлектер мен колледж студенттерінің өтінштері 10-шы мамырға дейін қабылданатынын хабарлайды. Қазіргі таңда биыл мектеп түлегі атанатын оқушылар арнайы Егов порталында тіркеуден өтіп, ұлттық бірыңғай тестілеудің сайтында өтініш бере алады. Ал биыл жоғарғы оқу орнында грантқа оқимын деген колледж студенттері мен өткен жылғы мектеп түлектері тестілеудің арнайы сайтында тіркеуден өтіп, өтініштерін береді. Тест тапсырамын деп жоспарлап отырған азаматтар өтініштерін міндетті түрде ҰБТ өтетін оқу орнында тіркеуі қажет.