Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ талабы өзгереді

c 11:00, 16/06/2020 c 830

0:00 / 0:00

Биыл ҰБТ тапсырушы түлектерді тексеру шарасы қатаң болмақ.  ҰБТ пунктіне келгенде металл іздегіштен өтерде оқушыдан қандай да бір тыйым салынған зат табылса  емтиханға кірмейді және осы жылдың соңына дейін ешқандай емтиханға қатыса алмайды. Қулығын асырып аудиторияға өтіп кеткендерді  барлық бейнежазбаны қайта қарап, талдау жасап, сол талдау негізінде тыйым салынған затты пайдаланған түлектің тест нәтижесі жоққа шығарылады, тиісінше алған грантынан да қағылады. Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Республика бойынша 131 мың 755 бала тест тапсыруға өтініш білдірген.

Биыл Ұлттық тестілеу орталығы  түлектердің іс-әрекетін қатаң бақыламақ. ҰБТ әділ, ашық  болады деп сендіреді орталық басшысы Дидар Смағұлов. Қулығын асырып, смартфон, шпаргалка  алып өтетіндердің әрекеті бекер болмақ. Себебі, тестен соң барлық бейнебақылау түсірілімі жіті қаралып, тиым салынған заттарды алып өткен түлектің нәтижесі жоққа шығарылады. Грантқа өткен болса одан да қағылады.

Биылғы ҰБТ-ның тағы бір ерекшелігі – әр аудиториядан тікелей трансляция ұйымдастырылады. Кез келген адам аудиториядағы жағдайды онлайн бақылай алады. Елде қауіпті індеттің таралуына қарамастан мектеп бітіріп жатқан түлектерді сынақтан өткізуге тура келіп отыр. Түлектер карантин талабы бойынша бес бақылау кезеңінен өтеді. ҰБТ тапсыру барысында 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталып, бетперде киюі міндеттеледі. Бетпердені тегін таратады.

Балалардың қолына есептеуіш құралы да беріледі.Сондай-ақ, биылғы тест уақыты 10 минутқа ұзартылып, 4 сағат өтетін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.