Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ ӨЗГЕРЕДІ

c 19:23, 21/05 c 25

0:00 / 0:00

Оқу жылының соңында дәстүрлі түрде талықланатын тақырыптың бірі - ҰБТ. Тарихзқа үңілсек, Қазақстанда кешенді тест 2004 жылы ҰБТ-ға ауыстырылған болатын. Содан бері 20 ж өтті бұл емтиханға қатысты сын да тыйылар емес. Сұрақтардың мәні мен мазмұнына қатысты сын көп болды. Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ тапсырмасаң жол жабық. Не керек, қазақстандық түлектер мұны да меңгеріп алды. Енді құзырлы министрлік келесі жылдан бастап ҰБТ форматы өзгереді деп отыр. Министр саясат Нұрбектің айтуынша, 2021 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің қолдауымен ҰБТ форматын қайта құру және ең бастысы – тест сұрақтарының мазмұнын түбегейлі қайта өңдеу бойынша үлкен жобаны іске қосылған.

САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ «Бірте-бірте біз SIT халықаралық стандартына көшеміз, онда әрбір талапкердің өзі тестілеу орнын, уақытын таңдайды, дайындалады, тапсырады, сертификат алады, сонымен оқуға түседі . Пилоттық жобаны келесі жылы бастаймыз, жоба ҰБТ форматын бірден өзгертпейді, белгілі бір пилоттық режимде іске қосылады.Тест дайындауды әлемге әйгілі француз компаниясы жүргізді. Жаңа модель бойынша 350 тестолог дайындалды»

Сондай-ақ, министр фин компаниялары тобымен мазмұнды тәсіл бойынша жұмыс жүргіземіз дейді. Бұл арнайы оқытылған тестологтар тобы SIT форматына ұқсас жаңа әдістеме бойынша сұрақтар дайындайды, бұл халықаралық деңгейде танылған тест. Жаңа ҰБТ форматын пилоттық түрде бастау үшін кем дегенде 50 мың сұрақ әзірленбек. Жоғарғы оқу орнындарындағы тағы бір мәселе. Мемлекеттік және ұлттық университет ректорларының ішінде жұмсақ креслосында 10 жылдан артық тапжылмай отырғандар бар. Мысалы, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдыков бұл лауазымға 2011 жылы тағайындалған болатын. Министрдің айтуныша бұл тым ұзақ мерзім. Сондықтан ректорлардың мерзіміне қатысты жаңа ереже енгізеледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.