Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ қайта тасырып жатыр

c 18:46, 16/08/2018 c 661

Қазақстанда 15 тамыздан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру және кешенді тестілеу басталды. Ағымдағы жылы 14 мың түлек ҰБТ-тапсыра алмаған еді. Бүгіннен бастап ҰБТ-ның шекті балын ала алмағандар қайта тапсырып жатыр. Қайта тапсыру ақылы түрде жүруде.

ҰБТ жыры әлі біткен жоқ. Ағымдағы жылы 102 мың 442 түлек ҰБТ-ы тапсырды. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 70 проценті. Емтихан бес пән бойныша өтті. Максималды балл 140, шекті балл 50 болғанды. Республка ойныша бір ғана түлек максималды 140 балла алғаны мәлім.Сынақтан өткен түлектердің 14 мыңнан астамы сүрінді. Енді сол сынақтан құлаған түлектер ҰБТ қайта тапсырып жатыр. Айта кету керек, қайта тест тапсырып жатқандар ішінде тек сүрінгендер ғана емес, тестің нәтижесімен келіспеген түлектер де қайта сынақтан өтіп жатыр. Олардың саны 40 718. Түлектердің жартысынан көбі 66 пайыз ҰБТ мен КТ-ны қазақ тілінде, 33 пайызы орыс тілінде және 11 адам ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген.

АЙСҰЛУ ИЩАНОВА- АТА-АНА
«Менің балам сол жолы қатты қобалжып, 55 балл ғана жинады. Бізге жоғарғы оқу орнына түсу үшін ең болмағанда 70 балл керек. Сондықтан бүгін қайта тапсыруға келді».

Алексей есімді түлек мүлдем балл жинай алмаған. Компьютер оның тапсырған тестін нөл деп көрсеткен. Оның айтуынша бұл технкиалық ақаудан орын алған. Тест орталығымен дауласып шаршап, бүгін қайтадан ҰБТ тапсыруға келген екен.

АЛЕКСЕЙ МУСАТЮК ТҮЛЕК
«Мен өткен жолы тапсырғанда түсініксіз жағдай орын алды. Компьютер менің тапсырған тестімді нөл ғып көрсетті. Әрине тест орталығына барып мұның мән-жайын сұрадым. Олар маған компьютердің қатесі деп жауып бере салды. Жүріп, дәлелдеп шаршадым. Тестке дайныдалғам. Негізі медицинаға түсем деген жоспарым бар. 100 баллдан артық жинауым керек».

Айта кету керек, ҰБТ қайта тапсыру ақылы түрде өткізіледі. Әр талапкер 2 242 теңге төлейді.Нәтижесі тапсырған күні белгілі болады, - деп хабарлайды. Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу 5 күн бойы 15-19 тамыз аралығында 40 ЖОО базасында өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.