0:00 / 0:00
Бүгін елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. Аталған науқан 167 ҰБТ өткізу пунктінде 20 маусымнан 1 шілдеге дейін жалғасады. Батыс өңірінің төрт мыңға жуық түлегі де осы сынақтан өтіп, 11 жылдық білімдерін тексермек. БҚАТУде 950 түлек тест тапсырмақ. Олардың 619-ы қалалық және облыстық мектеп оқушылары болса, қалғаны Теректі, Тасқала ауданының түлектері. Облыс бойынша бұл сынақ 9 тестілеу пунктінде өтуде. 5 пәннен тұратын тестілеу уақыты 3 күнге белгіленіп отыр. Тестілеу өткізу үшін Жәңір хана атындағы университетте 8 аудитория дайындалған. Барлық аудиториялар бейнебақылау камерасымен, мобильді және радиоэлектроникалық байланыстарды бұғаттайтын құрылғылармен қамтамасыз етіліпті.