0:00 / 0:00
Коронавирус эпидемиясының таралуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа форматта жұмыс жасап жатыр. Азаматтар орталықтан қызмет алу үшін енді уақытты брондауы шарт. Бұл шаралардың баршасы азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалуда.
4-ші мамырдан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жаңаша үлгіде жұмыстарын бастады. Қазіргі таңда қызмет алушылар кезек алуға болатын бос уақытты көре алады. Бұрындары бос орын болмаса да азаматтарды кезекке жазатын. Және егов порталында кезекті қайта брондау жаңа функциясы іске қосылды. Егер азамат брондаған уақытына орталыққа келе алмаса, кезекті босатып, өзге күнге жазыла алады. Жаңашылдықтардың бірі- 1 адамның бірнеше уақыт аралығын брондауына да шектеу қойылды. Енді бір азамат 10 күнде бір ғана брон жасай алады.
Сала мамандары орталыққа не бары 15-20 минут бұрын келу керектігін айтады. Брондаудың уақыты Нұр-сұлтан қаласының уақытымен беріледі. Жаңашылдықтар оралдықтардың көңілінен шыққандай.
Күні бүгінге дейін 4-шы ықшам ауданында орналасқан орталық 4000-ға жуық дайын құжатты оралдықтарға үлестіріп, күніне 150-200ге жуық брондап келген азаматтарға қызмет көрсетеді.