0:00 / 0:00
Орал халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған бірнеше пластикалық модулды вагондар орнатылуда. Өйткені алдағы уақытта бірнеше бағыттағы халықаралық рейстер ашылады деп жоспарланып отыр. Ал су жаңа терминалдың құрылысы алдағы жылы ғана басталады.Пластикалық модулды вагондарды қоюдың негізгі себебі алдағы уақытта қосымша ұшу бағыттары іске қосылмақ. Мәселен қараша айында Оралдан Египетке сапарлауға мүмкіндік жасалатын болса, алдағы жылдың көктемінен бастап, Түркияға ұшақтар қатынайтын болады. Демек жаңа аэропорт терминалы іске қосылғанша жолаушылар пластикалық модулды вагондарда отырып ұшу алаңына шығатын болады.Қазір модулды вагондар тез құрастырылады. Іші жарық жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Ал жазғы маусымдарда арнайы желдеткіш құрылғысы орнатылатын болады. Аптаның соңына дейін тағы 2 модулды бекет қойылады деп жоспарланып отыр.Естеріңізге сала кетеміз әуежайдың жаңа ғимаратының құрылысы алдағы жылы көктемде басталатын болады.