Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Уәде еткен миллиондар қайда?

c 09:05, 17/07/2020 c 688

0:00 / 0:00

Соңғы мәліметтерге сүйенсек,  Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 65 мыңнан асты. Оның ішінде 39 мыңнан аса науқас дертінен айығып шықса, 375 адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандар ішінде адам өмірі үшін күрескен дәрігерлер де бар. Ковидтен елде 51 ақ халатты абзал жан бақилық болды. Алайда, осы қаза болған дәрігерлердің отбасы үкіметтен әу баста уәде етілген 10 млн теңгеден көмек алды ма деген сұрақ туындап отыр. Бүгін онлайн брифингке шыққан Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу туралы сұраққа жауап бере алмады.

Белгілі болғандай, коронавирустан көз жүмған дәрігерлердің отбасына әу баста уәде етілген 10 млн теңге өтемақы төленіп жатқан жоқ . Шымкентте індет құрбаны болған медицина қызметкерлерінің отбасына 1 млн теңгеден өтемақы берген. Туғандарына дәрігерлер мен медбикелердің өліміне ковид емес, пневмания себеп болды деген жергілікті билік өкілдері. Осылайша, ел Президентінің тағы бір тапсырмасы аяқсыз қалуда. Мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңгенеден өтемақы төлеуді үкімет пен әкімдерге жүктегенді. Осылайша Шымкент шаһардың әкімі Мұрат Әйтенов 10 млн тек коронависрустан көз жұмған дәрігерлердің туғандарына ғана тиесілі деп отыр. Пандемия барысында бұл өңірде тоғыз медицина қызметкері қайтыс болды. Бұлар дәрігерлер, медбикелер. Марқұмдардың қауіпті індетпен күресте аянбай қызмет еткені мәлім. Шымкент әкімдігі арнайы комиссияның қортындысын да күтпей марқұмдардың өліміне пневмания себеп болды деген шешімін шығарып қойды. Ал денсаулық сақтау министрілігі өкілдерінің айтуынша, қайтыс болғандар туралы мәлімет еңбек министрлігіне түскен кезде барып, отбасына өтемақы төленеді деп отыр.

Тимур Сұлтанғазиев – ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы "Өкінішке орай 51 әріптесіміз осы індеттен көз жұмды. Туғандарына көңіл айтамыз. Өтемақы төлеу бойынша мынандай механизм бар.Өңірлік комиссиялар бар. Олар әрбір жағдайды жеке қарап, ауруды жұқтыру және өлімнің себебін анықтайды. Қазіргі денсаулық сақтау министрлігі өңірлерден жинақталған мәліметті тексеру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Барлық мәлімет еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберіледі. Олар мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем беруді ұйымдастырады".

Майданда жүргендей еңбек етіп жатқан дәрігерлердің қауіпті індетті жұқтырып жатыр. Көптеген мееицина қызметкерлері коронавирусқа шалдығып, емделіп, қайта қатарға қосылып, жұмыс істеп жатыр. Қорғаныс киімдері қанша жерден мықты болса да, ақ халаттылар қорғана алмауда. Хәл үстінде жатқан науқас үшін күресіп жүрген дәрігерлерді бұл індетті айналып өтпейді. Керісінше оларға қаттты соққы болып тиюде.  Індет жұқтырғандар мен құрбаны болған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу үшін жергілікті жердегі шенеуніктер министрлікке өтініш беруі керек. Мәлім болғандай, өңірлерден коронавирустан қайтыс болған дәрігерлерге өтемақы төлеу туралы ешқандай өтініш келіп түспеген.

Біржан Нұрымбетов – ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Алты аймақтан 123 өтініш түсті. Тиісті тәртіп бойныша біз үші жұмыс күнінде әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн теңгеден осы өтініште көрсетілген өтемақыны төлейміз. Осы 123 өтініштің ішінде індеттен қайтыс болған медицина қызметкерлері бойынша өтініш түскен жоқ».

Яғни наурыз айынан бері бірді-бір дәрігер өтемақы алмаған деген сөз. Онлайн брифинг барысында журналистер тарапынан көтерілген бұл сұраққа комитет басшысы Сұлтанғазиев титықтап жауап бере алмады.

Тимур Сұлтанғазиев – ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы "Бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Сізге қосымша хабарлаймыз".

Бүгінгі күні елімізде 51 медицина қызметкері қауіпті індеттің құрбаны болды. Ал пандемия басталған бетте дәрігерлер қорғану киімдері жетпей жатқанын айтып шағымданған болатын. Кейін оларға ерен еңбектері үшін тиісті жалақы төленетіні айтылды. Науқастармен тікелей жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге 850 мың теңге төленеді дегенді. Алайда, бұған бәрі бірдей қол жеткізді жеп айту қиын. Дәрігерлер наразылық акциясына шыққан сәттер де болды. Енді індеттен көз жұмған медицина қызметкерлерінің ПТР тесті коронавирусқа оң нәтиже көрсеткен жағдайда ғана оның отбасына 10 млн теңге берілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.