0:00 / 0:00
Дариян ауылында салауатты өмір салтын ұстанатындардың қарасы қалың. Олардың қатарын балалар мен жасөспірімдер құрайды. Алайда спорт сүйер жастарға лайықты қамқорлық жасалмай келеді. Бұрынғы әкімдіктің ғимаратына жайғасқан спортшыларға 3 кабинет берілген. Балалар типтік емес нысанда жаттығу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр.
Виталий Бырконың айтуынша, жаттығу залына қажетті жабдықтарды спорт клубының мамандары өз қолдарымен жабдықтаған. Қабырғаларының сыры сүріліп, едендегі шұрық тесікке қарамастан, бұл бөлмелерде дайындық қыза түседі. Ал, Дариян ауылдық округі әкімдігінің келтірген ақпары бойынша берілген уәдені орындауға мұнша уақыттың жұмсалуы тиісті құжаттарды дайындаумен байланысты болып шықты.
Спорт кешені салауатты өмір салтын насихаттаған жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы екені күмәнсіз. Бұл орайда, спортшыларды қолдау маңызды. Үш жылдан бері тар бөлмеде маңдай терін төгіп жаттыққан дарияндықтардың алар асуы алда. «Тек ауылдың 600-ден астам баласына жаңа ғимаратқа көшу арман болып қалмаса екен»,- дейді жанашыр жаттықтырушы.