0:00 / 0:00
Оралдағы Президент алаңы бүгінде заңсыз сауда орнына айналған. Кешқұрым отбасы мүшелірімен тынғу мүмкін емес деп арнамызға хабарласқан қалалықтар бұл орындағы мәселеге шенуініктердің тез арада әрекет етуін қалайды.
Өздеріңіз көріп тұрғандай, халық көп шоғырланған. Жаңа ауданға келушілер саны артып келеді, соған сай балалар да көп. Мұны пайдасына жаратып, саудасын қыздырған кәсіпкерлер мен ойыншық жалға берушілер бұл жерде белсенді жұмыс істеп жатыр. Кейбіреулер тіпті жазадан жалтару үшін жұмысқа кәмелетке толмағандарды тартып отыр. Себебі заң бойынша олар жауапкершілікке тартылмайды.
Ал демалуға келген тұрғындар тыныштықтың бұзылғанына шағымдануда. Саудасы қызып, пайда тауып жатқандар бар, бірақ олар қоғамдық орынның шынайы мақсатын ұмыт қалдырған. Тұрғындар бұл аумақты таза демалыс орны
Ал полиция өкілдері бұл мәселеге нақты шектеу қою үшін арнайы заң қажет екенін айтады. Жыл басынан бері:
- 17 хаттама - заңсыз сауда бойынша
- 32 хаттама - қоғамдық орындарды ластау фактісімен
- 82 хаттама - абаттандыру ережесін бұзғандарға қатысты толтырылған.Сондай-ақ, түнгі сағат 23:00-ден кейін кәмелетке толмаған балалардың ата-анасыз көшеде жүруіне тыйым салынғанымен, бұл талап жиі бұзылады. Ювеналды полиция жұмысы бұл тұрғыда жеткіліксіз.
Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, Тұңғыш Президент алаңы алдағы уақытта орталық демалыс паркінің балансына беріледі. Қазіргі таңда тиісті құжаттарды заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өзгерістен кейін жағдай тұрақталады деген үміт бар. Бірақ нақты мерзімі әзірге белгісіз.