0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында табиғи шырын мен түрлі салат жасайтын кәсіпорын іске қосылды. Нысанның құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінде он шақты адамды жұмысқа алған кәсіпорын алған өнімдерін шетелге экспорттауды көздеп отыр.
Өңірімізде алғаш рет салат пен табиғи шырын өндіретін зауыт өз жұмысын бастады. Аталмыш кәсіп Оңтүстік және Алматы облыстарында қарқынды жұмыс жасап жатырғанын білеміз. Бүгінде батысқазақстандықтар үшін тың жобаны қолға алған кәсіпкер өндірген өнімді шетелге саудалаймыз деп отыр. Зауыттағы жұмыс жасап тұрған құрылғыны бәрі Белоруссия елінен сатып алынған. Кәсіпорын табиғи шырынды қайнатып, жазғы уақытта салаттың бірнеше түрін жасап, саудалайды. Кәсіпкер жобаның тиімді тұстарын жіпке тізді.
Кәсіпкер жобаны қаржыландыру үшін 100 млн теңгедей несие алыпты. Ол он жылдың ішінде берешегін өтеп беруі тиіс. Зауыт қарқынды жұмыс жасаған тұста 100-150 адамды жұмыспен қамтымақ.
Бүгінгі таңда Зеленов ауданы бойынша" Кәсіпкерлікті дамыту -2020" бағдарламасы бойынша 173 млн теңгедей несие берілген. Бұл қаржыға 3 кәсіпкер ісін дамытып, техникасын жаңартқан.
Бүгінгі таңда аудан көлемінде 2800-ден астам жеке кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Аталмыш субьектілерде 800-ге жуық азамат еңбектеніп жатыр.