0:00 / 0:00
Оралдық таэквондошы Алесандро Карбоне мен Данил Рубцов Грекияда өткен Еуропа чемпионатында алтын медальді қанжығалады. Сайыс Грекияның Ираклион қаласында ұйымдастырылды.
Оралдық екі оғлан Еуропа чемпионатында алтын медальді қанжығалады. Спорт сайысы тхаэквондодан ұйымдастырылды. Ел құрамасына іліккен жас спортшылар намысты қолдан бермей, жеңіс тұғырынан көрінді.
Еуропа чемпионатына оралдық екі спортшы ғана қатысты. Оның бірі-бірнеше жылдан бері әлем чемпионаттарының жеңімпазы болып жүрген Алесандро Карбоне мен болашағынан зор үміт күттірген Данил Рубцов еді. Жас өрендер сайыс алдында жарақат алып, жаттығулары қиынға соққан. Алайда бұған қарамастан жас тхаэквондошылар күніне 2 рет жаттығып, дайындықтарын пысықтапты.
Еуропада көк туды желбіреткен жас спортшылар енді Әлем чемпионаты мен әлем кубогына дайындықты бастап кетті. Келесі сайыс желтоқсанда Белорусь елінде өтпек. Еуропа чемпионатында Қазақстан атынан 15 спортшы ел намысын қорғады. Тхаэквондошылардың 5 алтынды қанжығалап, әнұранды грек жерінде әуелетті. Қазақстан құрамасы жас өрендердің арқасында командалық есепте 26 елдің ішінен 5 орынға табан тіреді.