0:00 / 0:00
Біздің елде тұтынушы өз құқығын біледі ме? Бұл басты сұрақ. Себебі, көп жағдайда азаматтар өздері сатып алған немесе көрсетілген қызмет түріне көңілі толмаса да, оны қазбалап, өз құқығының бұзылғанын дәлелдеп әуре болмайды. Немесе оған уақытын жоғалтқысы келмейді. Тұтынушылар баға белгісінде және кассалық чекте көрсетілген тауар құны¬ның сәйкес келмеуіне жиі кезігеді. Сондай-ақ тауарды сатып алу кезінде шарт жа¬са¬суға мәжбүрлеу, мысалы, смартфонды сатып алу кезінде әртүрлі қосым¬шаларды немесе кепілдік көрсету қызметін сатып алуға «міндет-теу» орын алады. Тұтынушының өз құқын білмейтіндігін пайдаланып сатушы қо¬сым¬шаларды алдап өткізуге тырысады. Тіпті қызмет көрсету кезінде де құқық бұзушылықтар жиі орын алады. Сатып алған тауарына көңілі толмаған жағдайда 14 күннің ішінде қайтарып беру керектігін білмейтіндер де бар. Дегенмен, Тұтынушы құқығын қорғау туралы заң бар екенін еске салғымыз келеді. Мамандар соңғы кезде тұтушылар тарапынан арыз-шағымның өскенін аңғарып отырмыз дейді. Бұл азаматтардың енді оянғаны ма? Әлде тұтынушы құқығын қорғау қызметінің күшейгені ме? Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметінше, ағымдағы жылдың алты айындағы көрсеткіште 777 млн теңгеден астам сомаға тұтынушыларға тауарлар мен қызметтері қайтарылып, айырбастап, ауыстырылып берілген.
Мысалы, Астана қаласының тұрғыны пәтер сатып алып, үйі суық болып шығады. Жөндеу жұмыстарындағы ақауларға кез болады. Ол бірден елордалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіне хабарласып, сотқа дейінгі шағым жасау бойынша құқықтық көмек пен кеңес алып, нәтижесінде тұтынушыға 33 млн теңге ақшалай қаражаттың толық көлемі қайтарылды.
Тұтынушы санатына бәріміз жатамыз. Сауда орнына барып сауда жасағаннан бастап, барлық қызмет түрлерін тұтынамыз. Ал тұтынушы ретінде сапасыз тауарларға, қызмет көрсету жағынан орын алатын жауапсыздыққа тап болмау үшін өз құқығыңызды білгеніңіз жөн.