Еліміздің түпкір-түпкірінде өз кәсібін ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған барлық кәсіпкерлер заң талаптарына сәйкес, қызметкерлерімен еңбек шартын жасасуы тиіс. Бұл, бірінші кезекте жұмысшының құқығын заң алдында қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ресми түрде жұмыс жасаған азамат үшін жұмыс беруші жалпыға бірдей әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін өз есебінен қаражат аударады. Еліміздегі соңғы санаққа сүйенсек, 2 млнға жуық азаматтың әлеуметтік статусы анықталмаған. Аталмыш олқылықтарды жою мен алдын алу мақсатында сала мамандары қаламызда бой түзеген ойын сауық орталықтарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.