Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталғалы бері жасы 18-ден асқан ер азаматтардың басым көпшілігі жауынгер атану үшін медициналық тексерістен өтіп жатыр. Десек те, түрлі сылтауларды алға тартып, тексерістен өтпеудің амалын іздеп жүрген жандар жоқ емес. Кейде, жұмыс берушілер тиісті шақыртуға қарамастан ер азаматтарды жұмыстан жібермей жататын көрінеді. Сол себепті қорғаныс істері жөніндегі басқармасының мамандары арнайы облыс орталығында жұмыс жасайтын ірі мекемелердің басшыларымен кездесті. Мақсат біреу заң тармақтарын түсіндіру.