Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

c 13:31, 24/02/2023 c 127

0:00 / 0:00

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу табиғат жанашырларының назарын аударып отырғаны бүгін емес. Оның ішінде қоршаған орта мен тіршілік иелеріне залалын тигізетін әрекетпен күрес жүргізіліп жатыр. Облыс орталығындағы табиғат және экология музейінде сала мамандары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің болашақ жас экологтарымен кездесті. Дөңгелек үстел барысында проблемалар мен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге арналған жобалар талқыланды.

Облыстық табиғат ресурстарын пайдалану және табиғатты реттеу басқармасының мәліметінше, жыл сайын жинақталатын қоқыс қалдықтарының мөлшері 108 мың тоннаны құрайды. Белгілі болғандай, өңірде қоқыс полигондарындағы үйіндіні кәдеге жаратқандар бар. Бірақ бұл бағыттағы жұмыстың тетігінен барлығы бірдей хабардар емес. Қазіргі күні облыс студенттері мен жас экологтар жаңа жобаларды жүзеге асыруда белсенділік танытуда. «Мәселе экологиямен байланысты болса, әр тұрғын тазалықты өз үйінен, ауласынан бастауы қажет»,- дейді сөз алғандар.

Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған 150-ге жуық полигон бар. Бұл көрсеткішті ескерсек, экологияға одан келетін зардаптың да үлесі мол болмақ. Мамандардың айтуынша, сұрыпталған қалдықтардың 35 пайызы қағаз, 15 пайызы полимер, 5 пайызы резинке және темір, 10 пайызы жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне тиесілі.

 

 

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.