0:00 / 0:00
«Тұрмыс» жедел алдын алу шарасының мақсаты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын-алу. Атап айтқанда, ішімдікке сылқия тойып, жанжал шығаратын немесе жұдырығы жуан азаматтарды тәртіпке салу, тіркеу. "Жалпы бұл санатта әйелдер мен жастардың саны артып келе жатыр",- дейді инспекторлар. 12-ші ақпанға дейін жалғасатын алдын алу іс-шарасы барысында масаң күйде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау аясында жұмыстар атқарылады. Бұның арқасында тұрмыстық қылмыстардың саны азаяды деген сенім бар.
Жыл басынан бері 119 әкімшілік хаттама толтырылған. Демек, 119 тұрғын отбасылық жанжалға жақын екені анықталған. Бұл тек 1 айдың қорытындысы. Ал 10 адамға сотпен ерекше талап қойылыпты. Орал қаласының ПБ есібіне алынған ішімдікке үйір 12 отбасыда болған жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізген.
Жалпы көп жағдайда отағасы үйіне кім көрінгенді жинап, ішімдік ішеді. Ащы судың әсерімен отбасының берекесін қашырып, жанжал шығаратындар көп. Сондықтан тәртіп сақшылары ылаңшыл "батырлармен" өз үйлерінде кездесіп, әкімшілік хаттама толтыратын жағдайлар жиі тіркеледі.