0:00 / 0:00
Түркістан өңірінің халық саны 2 млн 151 мыңнана асып жығылады. Бала туу көрсеткіші де жоғары. Алайда, Түркістан халқының табысы ең төмен өңірге жатады. Осыдан екі жыл бұрын осы өңірге сапарлаған мемлекет басшысы Түркістан қаласына рухани және тарихи орталық ретінде ерекше мәртебе беруді тапсырғанды. Енді міне үкімет осы тапсырма аясында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын мәжіліске ұсынып отыр. Шаһарға ерекше мәртебе бере отырып, туримзді дамыту үшін жергілікті туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығының 10 пайызын және қолөнершілердің шығынының 25-30 пайызын бюджет есебінен өтеп беру қарастырылған. Депутаттарды Түркістанды қаржыландыру мәселесі алаңдатты.
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, Түркістанды қаржыландыру республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен қарастырылған.
Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани астанасы болып жатса, түркістандықтардың табысы артып, әл-ауқаты жақсара ма деген сұрақ туындайды.
Мәжілісте тұсауы кесілген заң жобасы 4 тараудан және 15 баптан тұрады. Түркістан қаласын Түркі елдері ұйымымен түркі әлемінің рухани астанасы деп тану, тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтап қалу қарастырылған.