0:00 / 0:00
Түркіменстанның Ашхабад қаласында Ұлы Абайдың алып ескерткіші ашылды. Ақорданың хабарлауынша, айтулы шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.
Ең алдымен Түркімен басшылығы Тоқаевты Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына орай арнайы шығарылған медальмен марапаттады. Өз кезегінде қазақ басшысы түркімен елінің сый-құрметіне ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде бұл ескерткіштің ашылуын түрікмен бауырлардың қазақ халқына айрықша құрметінің көрінісі деп санайтынын атап өтті. Сондай-ақ, Президент биыл Астанада түрікмен халқының ұлы ойшылы Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылғанын еске салып, қазақ елі түркі жұртына ортақ тұлғаның шығармашылығына зор құрметпен қарайтынын жеткізді.