Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Туризмді дамыту

c 16:59, 22/10/2018 c 1000

Қазақстан 2025 жылға қарай туризм үлесін ішкі жалпы өнімге шаққанда 8 пайызға арттыруды көздеп отыр. Салыстырып айтар болсақ, Испанияда бұл көрсеткіш 11 пайыз. Оларға жыл сайын 82 млн. турист барады екен. Бұл орайда Франция бірінші орында. Франция еліне 90 млн. қонақ баратын көрінеді. Ал елімізге 1,5 млн. шетелдік қатынайды. Осы орайда облысымызға ішкі туризм саласының мамандары келіп, гидтар мен экскурсоводтар үшін тренинг жүргізді. Олардың сөздерінше, облысымыздың ішкі және сыртқы туризм үшін әлеуеті жоғары. Бірақ, осы үшін ең басты негіз болып табылатын тұру, тамақтану және экскурсиялық қызмет көрсету деңгейін көтеру қажет.

 

Бақыт ОРАЗЫМБЕТОВА, туризм сарапшысы, Халықаралық музейлер кеңесі Ұлттық комитетінің мүшесі, спорт және туризм академиясының сарапшы-әдіскері

Өңірге келген кезде бірде Бөкей Ордасына жол тарттық. Өкініштісі – халықаралық маңызды жолда бірде-бір бағыттаушы сілтеме, болмаса туристтік белгі не болмаса баннер жоқ. Өте қиын жағдайда жеттік. Осы орайда Напалеонның Мәскеуде қалып қойғанда айтқан сөзін еске алдым: «Ресейдің жаман жолдары маңызды рөл атқарады: кіруге болады, шығу жоқ». Мемлекет экономикалық тұрғыда даму үшін жолдардың сапасын жақсартуы керек. Бұл – өркениеттің бірінші белгісі. Бөкей Ордасы мен аграрлық-техникалық университеттегі «Жәңгір хан музейі «Бөкей Ордасы. Тұрмыс қалпының кеңістігі» тақырыбында жаңа инновациялық тур жасауы керек. Бөкей Ордасын ұлттық реестерге енгізген жөн деп санаймын. Елдің қай бөлігінде тұратын азамат болса да, Бөкей Ордасына барып, көруі керек. Бұл ұлттық жоба болуы тиіс. Ол үшін жақсы нұсқаушылар, гидтар, экскурсоводтар дайындалуы маңызды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.