Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар жылу ақысын есептегішпен төлеуге наразы

c 17:56, 29/01/2018 c 784

0:00 / 0:00

Орал қаласының Шапай затоны 9 мекен-жайының тұрғындары жылу есептегіш құрылғы бойынша коммуналдық ақыны төлеуге қарсы. Себебі бұл құрылғы тұрғындардың келісімінсіз орнатылыпты және есептегіш қойылған соң тұтынатын қызмет ақысы күрт өсіп, қуат көзін үнемдеудің орнына тұтынушылардың қалтасын қаққан. Ал "Жайық жылу қуат" АҚ тұрғындарға пәтер иелері кооперативіне жолығуға кеңес берсе, үйге жауаптылар бұған біздің қатысымыз жоқ деп, бастарын алып қашып отыр.

Тұрғындардың жүйкесін тоздырған бұл мәселе 2 ай бұрын басталған. Шукурова 9 мекен-жайындағы 2 қабатты тұрғын үйдегі тұтынушылар есептегіш құрылғысын орнатқаннан бері ірі сомадағы түбіртектер ала бастағанын айтады. Үнемдеуде көмегі зор деген есептегіші керісінше, тұрғындарды зар илетіпті.

Надежда Арутюнян есімді тұрғынға осы айда қызмет ақысы ретінде 16 мыңнан астам теңгенің түбіртегі келіпті. 42 шаршы метр жерде әйел мұның ақылға сыйымсыз екенін алға тартады.
Ал бір бөлмелі пәтерлерге 11 720 теңге төленуі тиіс екені көрсетіліп, уақытылы төлем жасалмаса сотқа беретіні жазылғаны тұрғындардың ызасын кетірді. Тұрғындар осы мәселені айтып ПИК барғанымен, олар үнемі ЖЖҚ АҚ-на барып жолығыңыз дегеннен әрі аспайтын көрінеді.
82 көп қабатты үйдің 936 сында есептегіш құрылғы орнатылғанын мәлімдеді. Ал 250 ғимаратта құрылғыны орнатуға техникалық талаптар сай келмейді екен.
Бұл орайда өз қалтамыздан тағы шығын шығады ма деп қауіптенген тұрғындар аталмыш мәселені шешімін табады деген үмітпен құзырлы органға қарайлап отыр. Бірақ әзірге еш әрекет байқалмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.