Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар жолдың жоқтығынан зардап шегіп отыр

c 18:14, 01/04/2022 c 518

0:00 / 0:00

Құс фабрикасы ауданында орналасқан "Зашаған" саяжай тұрғындары ми батпақтан зардап шегіп отыр. Қаланың іргесінде орналасқан саяжайда 10 мыңға жуық адам тұрады. Кезінде саяжай деп алынған жерде оралдықтар жыл он екі ай бойы күнелтіп келеді. Енді олар саяжай деген атауды өзгертіп, үйлерін қалаға қосуды сұрап отыр. Қазір ми батпақтың кесірінен облыс орталығына қатынау мұң боп отыр.

Мына жол қала мен Зачаганский саяжайын жалғайды. Жол деген атауы ғана. Тұрғындар осы батпақты кешіп жұмысқа, мектепке, емдеу мекемелеріне қатынайды. Темір тұлпар балшыққа батып, адамдар тас жолға жетем дегенде талай мәрте құлап жығылған. Тұрғындар осы саяжайға қоғамдық көліктің жөнді қатынамайтынын айтып шағымданып отыр. Саяжайға №3 маршрут жүреді.

Саяжай тұрғындары наурыз айында бірнеше күн көгілдір отынсыз күнелткен. Ауа райы салқын кезде адамдар үйлерін жылыта алмай, тіпті ас-ауқат әзірлеуге мүмкіндік болмапты. Абырой болғанда мердігер компания олқылықты тауып, жөндеп, іске қосқан. Саяжай тұрғындары жарық бағаналарын "Электр желілерін тасымалдаушы компанияның" есебіне өткізуді сұрайды.

Қалаға қарасты барлық саяжай тұрғындарын жол, қоғамдық көлік, бағаналарды компанияның балансына беру сынды проблемалар мазалайды. Әкімдікте өткен жиында шаһар басшысының орынбасары Асхат Көлбаев саяжайлардың жол мәселесіне тоқталды.

Ал, электр желілерін тарату компаниясының өкілі Сергей Доля саяжайлардағы бағаналарды балансқа ала алмайтынын мәлімдеді. Есепке алуға қатысты техникалық мәселелер шаш етектен көп екен.

Саяжай тұрғындарын толғандырған мәселелер "саяжай" деген атауды өзгертпейінше сол күй қала бермек. Атқарушы билік саяжай тек жазғы уақытта бау-бақша өсіруге арналған деген уәждерін айтады. Алайда қаладан үй салуды қалтасы көтермейтін жандар өз күшімен саяжайда жан бағып отыр. Тұрғындардың талабы бір.

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.