Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар зауыт шаңына тұншығып отыр

c 17:57, 03/02/2022 c 481

0:00 / 0:00

Қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Жұлдыз ауданының тұрғындары "Айта айта Алтайды, Жамал апам қартайдының" күнін кешіп отыр. Әсіресе, Самал көшесінің тұрғындары бетон зауытының шаң-тозаңынан көз аша алар емес. Тұрғындар зауыт шаңының кесірінен денсаулығымызға зиян келуде деп шағымданып отыр. Осы көше тұрғындарының базынасын қыркүйекте айтқан едік. Қанша уақыт өткенмен тұрғындардың проблемасы өз шешімін таппай келеді.

Бұл-Жұлдыз ауданы тұрғындарының түсіріп алсаң видеосы. Мұнда бетон зауытынан көтерілген шаң-тозаңның қалай таралып жатқанын көруге болады. Осы жағдайдан тұрғындар көз ашпай келеді. Тозаңның кесірінен тұрғындардың денсаулығы сыр беруде. Оралдықтар үйде өкпесін керіп демала алмай, жуған кірін ауласына жая алмай отырғанын айтады. Жол бойындағы ақ ұлпа да сұрғылт түске боялған.

Зауытқа қарама-қарсы орналасқан үйдің тұрғындары күреген қар лезде шаңды сорып, түсі өзгеріп шыға келетінін айтады. Сол шаң-тозаңмен тұрғындар тәулік бойы тыныстайды.

Тұрғындардың қордаланған проблемасы туралы өткен жылдың қыркүйегінде арнайы материал дайындаған едік. Сол кезде қала әкімінің орынбасары Асхат Көлбаев мән-жаймен таныс екенін, өндіріс ошағының барлық рұқсат қағазы барын алға тартқан-ды.

Өндіріс ошағы мен тұрғын үйдің арақашықтығы қанша болуы керек деген сұрақпен санитарлық-эпидемологиялық мекеме қызметкерлеріне жолықтық. Сала мамандары биыл тұрғындардан ешқандай арыз келіп түспегенін айтады.

Денсаулығы сыр берген, өндіріс ошағының шаң-тозаңын жұтып отырған тұрғындардың талабы бір.

Материалды дайындау барысында зауыттың өкілдеріне телефон арқылы хабарластық. Олар аталмыш мәселе бойынша жақ ашқылары келмеді. Ал тұрғындар жолдың келесі бетінде орналасқан өндіріс ошағының жұмысын тоқтату үшін сотқа шағымданбақ.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.