0:00 / 0:00
Облыс орталығында орналасқан Солтүстік-Шығыс ауданының халқы 17 жылдан бері тақтайдай жол салып беруді сұрап келеді. 70 шақты үйдің тұрғындары көктем мен күзде балшықтан зардап шегіп отыр. Жолдың жоқтығынан 3 бірдей көшеге жедел жәрдем көлігі жете алмайды, автобустар қатынамайды. Соның кесірінен тұрғындар автобус аялдамасына жету үшін 15-20 минут жаяу жүруге мәжбүр.
Орал қаласының Солтүстік-Шығыс ауданына қарасты 9-шы ПДП-ның тұрғындары 2003 жылдан бері атқарушы биліктен жол сұрап келеді. Көшіп келгенімізге 17 жылдың жүзі болды, бірақ мәселеміздің шешілер түрі жоқ,- дейді. 3 көшеде 70 шақты үй бар. Тұрғындар балаларымызды көктем мен күзде мектепке жетектеп алып барамыз. Бастауыш сынып оқушылары балшыққа құлап, киімін бүлдіріп, сабаққа жете алмай қалатын күндеріміз де болды деп қиындықтарды еске түсіреді.
"Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы 9-ПДП.-ның бір көшесінің жолы салынбақ. Солтүстік -Шығыс ауданы мен Новинкийді жалғайтын тас жолдың салынуы үшін 1,2 млрд теңгедей қаражат республикалық бюджеттен бөлінген. Мамандар Самал көшесінің жолы тамызда аяқталады,- дейді.
9-ПДП.-ның тұрғындарын жолдан бөлек кешкілік уақытта электр жарығы қуатының төмендеуі да мазалайды. Қараңғы түсе жарық сығырайып, балаларымыз сабақ оқи алмайды деп қынжылады. Бұдан бөлек тұрмыстық техниканың бірнешеуі жанып кетіп, тұрғындар зардабын тартуда. Осы мәселе бойынша мамандардың жауабы мынандай.
70 шақты үйдің тұрғындары 9-ПДП-ның аумағында бірде-бір күл қоқыс қоятын жәшіктің жоқтығын да тілек тиек етті. Қоқыстың ақысын уақытылы төлеп отырсақ та, алыстағы жәшікке тастауға мәжбүрміз,- дейді. Олар автобустың қатынамайтынына наразы. Бұған баяғы жолдың жоқтығы себеп. Биыл бір көшенің жолы салынса, қоқыс жәшігі орнатылып, қоғамдық көліктің қатынасы реттелмек. Мамандар Жазира мен Жауынгер интернационалист көшесіне жол салу мәселесі келесі жылы шешіледі деп жоспарланып отыр,- дейді.