Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар талабы

c 18:07, 10/09/2019 c 601

0:00 / 0:00

Оралда бірнеше ауданның тұрғындары қоқыс алаңының орналасқан орнына қарсылықтарын білдірді. Себебі, тұрмыстық қалдықты тастайтын алаң олардың үйлеріне тым жақын жерде орналасқан. Ал ондағы жағымсыз иіс пен қоқысты өртеген кезде ауға таралатын түтін тұрғындарды тұншықтырып отыр. Ұзақ жылдар бойы жағымсыз иіске уланған жұрт қала басшысынан басқа жерден полигон ашуды сұрап отыр. Қалалықтар тұрмыстық қалдықтарды лақтыратын бұл алаң осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға табысталған. Ол кезде шаһардың шеті мен мына қоқыс алаңының ара қашықтығы 10 шақырым шамасында болыпты. Енді міне бірден бірге қала кеңейіп далаға қарай, ал қоқыс көбейіп қалаға қарай жақындап келеді. Жергілікті тұрғындар бойларындағы барлық ауру-сырқауларын осы қоқыстан тараған лас ауадан көреді.Жауапты басшылары да бұл мәселеден жақсы хабардар. Атқамінерлердің айтуларынша, тұрғындар тынышын қашырған қоқыс алаңын жабу жалпы жоспарда бар. Тіпті, жаңасын ашуды да қолған алған көрінеді. Жауапты тұлғалар жаңа полигон салу үшін құжаттар дайындалып жатыр дейді. Алдағы жылы қоқыс алаңының құрылысын бастау жоспарда тұрса, қолданысқа 2025 жылға қарай тапсырылады-мыс. Сондықтан қоқыстың қасында қоныстанған жұртқа әлі де біраз жағымсыз иіспен тыныстауларына тура келмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.