Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар сусыз қалды

c 17:34, 31/03/2021 c 457

0:00 / 0:00

"Астана" ықшам ауданында орналасқан мына үйдегі әр пәтер автономды жылыту жүйесіне қосылған. Демек, жылыту құбырлары қара суға тікелей тәуелді. Ал 2019 жылдан бері түнгі 12-ден кейін су қысымы әлсіреп, тіпті мүлдем ажырап қалады. Сәйкесінше, жоғарғы қабаттағы пәтерлерге су бармай, жылыту қондырғысы автономды түрді жұмысын тоқтатады.
Түнгі сағат 12-ден кейін суға зәру болатын тұрғындар наразылығын жасырмады. Тіршілік көзінің бұлай ажырауы жас сәбилі аналарға, егде жастағы қарияларға қиын соғуда.
Жалпы 5 қабатты тұрғын үй 2012 жылы қолданысқа берілген. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер компания пәтер кілтін табыстар алдында уәдені үйіп-төккен көрінеді. Алайда баяғы жартас, сол жартас күйінде қалып, тұрғындар түн ауса болды судан қол үзіп қалады.
Аталған жағдай бойынша "Батыс Су Арнасы" ЖШС хабарластық. Кәсіпорындағылар мұндай проблема барын жасырмады. Айтуларынша, құрылыс кезінде құбырлар жоба бойынша салынбаған. Сол себепті су көзі жоғарғы қабаттағы пәтерге жеткенше қысым төмендеп кететін көрінеді.
Бақсақ, бар гәп сол баяғы құрылыс жұмыстарының нашарлығында болып шықты. Осының кесірінен судың қысымы тежеліп қалады екен. Кеткен олқылықты мердігер қайта түзетуіне кепілдік уақыты біткен. Онсыз да мұның зардабын татып жүрген тұрғындардың осы күнге дейін жауаптылар көмек қолын созар деген үміттері бекер болып шықты. Құзырлылардан құбырларды тұрғындар тек өздері бірігіп алмастырып алуы тиіс деген жауапты естідік. Ал жұмысын сапасыз атқарған мердігерге қандай шара қолданылары белгісіз.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.