Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар иелігіне берілген тарихи ғимараттардың жағдайы мүшкіл

c 17:59, 04/10/2018 c 986

0:00 / 0:00

Орал қаласында тарихи мұралар санатына енетін ғимараттарды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Ал осылардың ішінде тұрғын үй ретінде қолданылып отырған нысандардың жағдайы мүшкіл. Айта кетейік, қалада мемлекеттік ескерткіш болып табылатын 20 ғимаратты жеке тұрғындар мекен қылып отыр. Сондықтан нысанды жөндеу мен күтіп ұстау да осы тұрғындарға артылған. Алайда уақытылы жаңғыртудан өтпеген ескерткіштердің біртіндеп сиқы кетіп, апатты күйге түсетіні аңғарылуда.

Некрасов көшесі 22 мекен-жайындағы тарихи ескерткіш саналатын тұрғын үйдің 2013 жылы бір қабырғасы опырылып құлады. Бұл кезде үйде болған тұрғындар енді үйінді астында қаламыз ба деп қатты үйрейлеген болатын. Тарихи ғимарат болғанымен бұл нысан жөнді күтім көрмеген.

Қазір сүріліп тасталған үйдің орны жаңа құрылысқа әзірленіп жатыр. Бұл жерде 2019-жылы мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасымен 55 пәтерлік 5 қабатты үй салынып бітеді. Уақытша әкімдік берген баспанада тұрып жатырған апатты үйдегі 12 отбасы осында қоныс теппек.

Шаһарымызда тарихи-мәдени мұра саналатын мемлекет қамқорлығындағы 20 нысан тұрғын үй ретінде қолданыста. Оларды мемлекет өз қаражатына жөндемейді. Барлық жауапкершілік пен күтім тұрғындардың мойнына артылған. Ал үйді мекендеушілер апатты ғимаратты сақтап қалу үшін жөндеуге қаражат шығарғысы келмейді. Бұл ақшаны желге ұшырғанмен бірдей деп санайды. Оңайы-үйді сүріп, орнына салынған жаңа тұрғын үйден баспаналы болу.

Дегенмен тарихи ғимараттарға бай қаламызда осы ескерткіштерді сақтап қалуға қолдан келгенше күш салынып отыр. Тек жоғарыдағы тұрғын үй іспеттес нысандар ғана арнайы сараптамадан соң сүрілуге рұқсат етілмек екен. Бірақ болашақта тарихи ескерткіштердің мұндай жағдайға түсуінің алдын алуға айрықша көңіл бөлінетін болады дейді мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.