Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАР БАСПАНАНЫҢ СЫРТҚЫ ЖЫЛУ ҚАПТАМАСЫ СҮРІЛЕТІНІНЕ АЛАҢДАУЛЫ

c 18:16, 14/05 c 2

0:00 / 0:00

Орал қаласында Құрылысшы шағынауданындағы 27/1 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы жылу қаптамасы сүріліп жатыр. Пәтер иелері мен тұрғындардың бұл жұмысқа көңілдері толмайды. Айтуынша, жергілікті атқарушы билік оларды қыста жел үрлеп, суық өтетін жалаң қабырғамен қалдырмақ.

Құрылысшы шағын ауданындағы 27/1 үй тұрғындары көпқабатты баспананың қабырғасынан жылытқыш материалды, яғни қаптама панельдерін сүру жұмыстарына алаңдаушылық білдіруде. Тұрғындардың айтуынша, сыртқы жылу оқшаулағыш материалды 2016 жылы өз қаражатына орнатқан. Онсыз пәтерлерде суық және жел соғады. Сондықтан азаматтар баспана қайтадан суықтайды деп алаңдайды. Бұл тұрғын үйде зейнеткерлер мен егде жастағы адамдар тұрады. Пәтер иелері жауапты мекемелерге жүгініпті. Бірақ әзірге нәтиже жоқ.

Жауапты мекеме “Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” ҚР Заңының 17-бабына сілтеме жасай отырып, жаңғырту бағдарламасына кіретін үйлердің тұрғындарына хабарлама жібереді. Онда кез келген құрылыс жұмыстары, қайта жоспарлау немесе ғимараттардың сәулеттік келбетін өзгерту уәкілетті органдармен келісімсіз жасалса, заңсыз болып саналады. Сыртқы жылу оқшаулауды, қаптама панельдерін орнату немесе фасадтың сыртқы түрін өзгерту тек рұқсат берілген жағдайда ғана жасалуы керек.

Орал қаласында 1715 көппәтерлі тұрғын үй бар. Қалалық ТҮКШ бөлімі олардың 70%-дан астамы өткен ғасырда салынған және күрделі жөндеуді қажет етеді деп түсіндірді.

 Тұрғындар қаптама панельдерін алып тастамау туралы өтінішті ескеріп, заң талаптары бұзылмайтындай шешім шығарылады деп үміттенеді. Әсіресе, егде жастағы тұрғындардың жағдайы ескерілуі керек екенін айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.