Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар баспана сапасына наразы

c 17:19, 21/08 c 66

0:00 / 0:00

Теректі ауданы Жаңа өмір ауылындағы былтыр пайдалануға берілген 3 қабатты арендалық үй тұрғындары сапасыз салынған құрылысқа наразы. Олардың айтуынша, терезелерінің жан-жағы жарық. Жаңбыр жауса іші суға толады. Есіктері де арзан материалдан жасалған. Су мен жарық мәселесі де қатты алаңдатып отыр.Гүлшат Есмағамбетова осыдан бір жыл бұрын жаңа баспананың кілтін алғанда бақыттан төбем көкке жете жаздап еді дейді. Бірақ көп ұзамай қуанышы лезде сейілгенін қынжыла жеткізді. Мұндағы тұрғындардың дені әлеуметтің осал топтағылар. Бірі мүмкіндігі шектеулі болса, енді бірі жалғызбасты және көп балалы. Үйде жарық жиі сөнеді, сондай-ақ ыстық су да тұрақты болмайтын көрінеді. Жалпы баспана сапасы сын көтермейді,-дейді тұрғындар.Қабырғасы жарылып, едені опырылған үйлер. Мұндай көрініс бұл үйде жиі кездеседі. Ал салқын суды жаз бойы дүкеннен сатып алуға немесе көрші ауылдағы арнайы құрылғылардан тасуға мәжбүр. Ашынған ағайын қолдарынан келгенше жаңа үйді жамап-жасқап жатырғанмен, қолдан келмейтін істерді Теректі тұрғын үй коммуналдық шарушығы бөліміне жеткізгенімен, әзірге құр уәдеден басқа тындырған түк жоқ,- дейді олар.Бұл үйге тапсырыс беруші мекеме аудандық құрылыс бөлімі. Мердігер мекеме - Эврика компаниясы екен. Мердігер мекеме өкілі опырылған еденге үй иелерінің өздері кінәлі деп қысқа қайырды. Ал аудандық ТКШ бөліміне мәселе таныс.
Мамандар бұл олқылықтарды орнына келтіреміз деп уәде берді. Себебі құрылыстың бес жыл кепілдік мерзімі бар екен. Айта кетейік, құрылыс сапасынан бөлек, үйдегі кәріз желілерінде де олқылық бар көрінеді. Себебі түсірілім барысында иісі қолқаны қапқан шайынды су далаға ағып жатты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.