0:00 / 0:00
2020 жылдан бастап БҚО - да әлеуметтің осал тобы үшін тұрғын үй сертификаттары беріле бастайды. Алғашқы жарна мөлшерінің көлемі 1 млн. теңгеден аспайды. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаты тізбесіне мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталғандар немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы және толық емес отбасылар жатады. Сонымен қатар ҚР Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және ҚР Үкіметі бекіткен Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және агрономия салаларындағы қызмет ететін мамандарға беріледі. Бұл шешім жобасы қоғамдық бірлестіктердің сараптамалық қорытындысын алған, БҚО қоғамдық кеңесінің отырысында қаралып, мақұлданған. Халық қалаулылары аталмыш жобаны мақұлдады. Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тұрғын үй сертификаттарын беру жұмыстары басталған. Айта кету керек тұрғын үй сертификатына «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» сынды мемлекеттік бағдарлама қатысушылары да ие бола алады.