0:00 / 0:00
Коронавирусқа қарсы вакцина салу науқаны 1-ақпаннан басталды. Қазіргі таңда жұмыс жасайтын ересек жандардың көбі екпе салдыртқан.
Күн райы суытты. Демек белгілі бір тұрағы жоқ кезбелер арнайы орталықтың табалдырығын тоздырады. Орал қаласында орналасқан қиын жағдайға тап болған жандарға пана болатын орталық азаматтардың құжаттарын дайындаумен қоса коронавирусқа қарсы екпе салуды да қолға алыпты. Қазіргі таңда орталықты мекендеген жандардың басым көпшілігі індетке қарсы екпе салдыртқан. №4 емхананың қызметкерлері құжаты бар, вакцина салдыртуға келісім берген жандарға екпе егеді.
Екпе алғандардың бірі-Жәнібек Есендияров. Ол 32 жыл ауданда тракторшы болыпты. Үш ай бұрын осы орталықтың көмегіне жүгінген.
Жалпы БҚО-да Ковид-19-ға қарсы вакцина салу науқаны 1-ақпанда басталды. Бүгінгі таңда екпе алуы керек жандардың 54,5 пайызы вакцина қабылдаған. Қазір Спутник В, ВероСЕЛЛ, Казвак препараттарын егіп жатыр.
Сурет https://kapital.kz/ сайтынан жүктелді