0:00 / 0:00
"Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» тұрақтандыру қорына азық түлік бағасының қымбатшылығының алдын алу мақсатында қазынадын 2016 жылы 350 млн теңге бөлінген. Бүгінде қорда 200 тонна астық, 30 тонна қарақұмық, 1000 тонна картоп, 100 тонна күнбағыс, 10 тонна сары май сақтаулы тұр. Сондай ақ биылғы жылдан бастап макарон өнімдері мен тауық еті де арзан бағамен алыныпты.
Сондай-ақ, бүгінде тұрақтандыру қорының өнімдерінің саудасына арналған арнайы павильондар бой көтеріп халық игілікті істің жемісін көруде. Естеріңізде болса тұрақтандыру қорының өнімдері бұған дейін түрлі сауда орындары арқылы сатылған еді.
Арнайы павильондардың жұмысының басталғанына санаулы күн болсада келушілер қатары аз емес.
Вера, кәсіпкер
Ашылғанымызға тек 2 күн болды. Халық жақсы келіп жатыр. Өйткені баға нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан. Мәселен картоп пен пияз 75 теңгеден. Қосымша көкөністердің бағасы да қалтаға қонымды.
Мамандар жылдың соңына дейін аталмыш сауда павильондарының санын 10 ға жеткіземіз деп отыр.