0:00 / 0:00
Тұңғыш Президент күніне арналған шаралар жалғасуда. 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде, алғашқы сайлау өтіп, онда басым дауыспен Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Осы атаулы дата, міне 7 жылдан бері Елбасы күні ретінде тойланып келе жатыр. Ал бұл мейрам өңірде де ауқымда аталып өтуде. Бүгін Х. Бөккева атындағы қазақ драма театында мерекелік шара өтіп, өңірдің дамуы жолында еңбек еткен тұлғалар марапатталды.
Қазақстан ширек ғасырда бірлігі мен берекесі жарасқан нағыз тәуелсіз елге айналды. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев - қазақ елін әлемдегі барша жұртпен достық байланыс орнатқан еңсесі биік мемлекетке айналдыра білді. Бірінші желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне арналған салтанатты жиында БҚО әкімі Алтай Көлгінов осылай деді.
Қалың қазақтың мақтанышына айналған елбасының сындарлы да салиқалы саясаты Отанымызға тыныштық, жерге ырыс-құт қондырып, береке сыйлады. Бұның бәрі бүгінгі мерекелік шарада аталып өтілді. Сонымен қатар игі дәстүр бойынша еліміздің дамуы жолында уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген бірқатар Ақжайық азаматтары "Астана 20 жыл" меркелік медальымен марапатталды. Олардың қатарында әріптестеріміз Ғайсағали Сейтақ, Мұнайдар Балмолда және арнамыздың операторы Манарбек Кушалиев бар.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты. Патриот, талантты жастар өз өнерлерін көпшілікке паш етті.