0:00 / 0:00
Бұндай шараны БҚО әкімі Ғали Есқалиев ұсынған болатын. Өңір басшысының айтуынша, тұрғындар той-томалақтан бас тартпай, мерекелік іс-шараларға қатысуын әлі де жалғастырып жатқандығын баса айтты. Отырыстардың басым бөлігі түнде өткізіледі. Тиісінше, мас адамдар, соның ішінде жүргізушілер үйлеріне оралады. Алайда арты апатқа апарып соғатын қайғылы жағдайлар артып келеді. Көлік құралдарының қозғалысын шектеу жолдардағы тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған. Жаңа қаулы талаптарын бұзғандарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Ағымдағы жылдың көктемінде осындай шектеулер енгізілген болатын. Түнгі уақытта қатынайтын жүргізушілер тіркелуге міндетті. Мұны екі жолмен жасауға болады. 109 анықтама қызметіне хабарласу немесе stopcovid.kz сайтына сайтына кіріп тіркелу. Коронавирустың бірінші толқыны кезінде сайтқа 100000 адам өтінім тастаған.
Соңғы тәулікте облыста ковид-19 вирусын жұқтырғандардың саны үш есеге артқан.