Осындай атаумен өткен түнде ұйымдастырылған жедел профилактикалық шара барысында кәмелетке толмағандардың жаппай жиналатын орындары тексерілді. Негізгі мақсаты- сағат 23.00-ден 02.00-ге дейін Орал қаласы аумағында ата-анасының қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жастарды анықтау. Жалпы полиция инспекторлары ғана емес, балалардың түнде жүрмеуіне, тәртібіне мұғалімдер де, ата-аналар да мүдделі болуы тиіс,- дейді мамандар. Түнгі он бірден кейін бала көшеде жалғыз жүрмеуі қажет. Осы жолғы рейд кезінде беймезгіл уақытта жүрген 25 жасөспірім анықталды. Осындай түнгі рейдтік шаралар 8-ші қарашаға дейін жалғасатын болады.