Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұмауға қарсы екпені тегін алуға болады

c 12:20, 16/01/2018 c 870

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары тұмау дерті келер ақпан мен наурыз айында үдей түсуі мүмкін,- дейді. Өңірімізде жұқпалы респираторлы вирустармен күресу үшін қосымша 10 мың вакцина бөлінген. Олардың алты мыңға жуығы шаһар тұрғындарына тиесілі. Барлық мектеп оқушылары ата-аналарының рұқсаттарымен білім ошағының қабырғасында екпе жасата алады. Ал, ересектер өздері тіркелген емханаға барып вакцинаны қабылдай алатын мүмкіндікке ие болмақ. Биылғы жылғы тұмау дерегінің көрсеткіштері өткен 2 жылмен салыстырған 1,2 пайызға төмендепті. Тұмау дертімен науқастанғандардың басым көпшілігі балалар болып табылады. Сала мамандары респираторлы жұқпалы аурумен күресудің бірден бір жолы осы екпе дейді. Өткен жылы қала тұрғындарының 10 пайызы вакцинаны қабылдапты. 30 мыңға жуық азамат тегін екпе алса, 3000 адам ақылы түрде екпе алған көрінеді.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.