0:00 / 0:00
Биыл Орал қаласы бойынша қала мектептерінде 49 955 оқушы оқу жылын аяқтаса, соның 2013 мектеп түлегі. Оның ішінде 86 мектеп түлегі «Алтын белгі» иегері болса , 70 оқушы үздік аттестат алды. Қаланың 32 мектебінен ең көп алтын белгі иегерлерін шығарып отырған №42 МГ - 9 түлек, №44 МГ - 8 түлек, №30 ЖОББМ - 7 түлек, №35 МЛ мен №10 ЖОББМ - 5 түлек. Қала әкімі Абат Шыныбеков мектеп түлектеріне ақ тілегін арнады.
Қала бойынша 1691 түлек ҰБТ орталығына онлайн тіркеліп, өз бақтарын сынайтын болады, яғни мектеп бітірушілердің 84 пайызы ҰБТ тапсырайын деп отыр. Бұл жоғары көрсеткіш. Биылғы түлектердің басым бөлігі түрлі байқаулар мен республикалық, қалалық олимпиада жүлдегерлері атанып, ғылыми жоба сайыстарының жеңімпаздары болды. Сонымен қатар, алтын белгі алғандардың ішінде қазіргі таңда әр түрлі жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанып отырғандары да бар. Онлайн өткен кездесуде түлектер білім берген ұстаздарға алғысын жеткізіп, ән шырқады.
Естеріңізге салсақ, әлемді жайлаған пандемияға байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, сақтық шараларын сақтау мақсатында мектептер қашықтан оқытып, соңғы қоңырау рәсімі онлайн түрде өткізілген болатын.