Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түлектерді жұмысқа орналастыру

c 17:26, 12/04/2019 c 1368

0:00 / 0:00

Оқу орынын жаңа бітірген жас маманның армандаған мамандығы бойынша қызметке орналасуы қиынға соғып жатады. Жұмыс берушілер көбінесе, жастардан еңбек өтілін сұрайды. Сондай-ақ, жас маманға түрлі сылтауды айтып, мардымсыз жалақы тағайындайтыны жасырын емес. Аталмыш мәселені шешу үшін жоғарғы оқу орындары үнемі жұмыс берушілермен байланыста болып, студенттерінің білімдерін тәжірбие жүзінде бекітіп отыруы үшін мүмкіндік жасауы керек. Осыған байланысты Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ қабырғасында "ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мен олардың еңбек нарығына бейімделуінің өзекті мәселелер" атты арнайы дөңгелек үстел өткен еді.

87 жылдан бері кадр даярлаумен айналысатын БҚМУ  қабырғасында арнайы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында педагогтық қызметке байланысты соңғы зерттеулер таныстырылған болатын. Зерттеулерге сүйенсек, қазіргі таңда оқып жатқан студенттердің тек 40 пайызы ғана мұғалімдік қызметте жұмыс жасағымыз келеді деген пікірлерімен бөлісіпті. Өткен жылдан бастап студенттерді оқу процесі барысында ұстаздық қызметке баулу үшін арнайы тәжірбие қолға алынған.

Қазіргі таңда М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ еліміздің және облыс көлемінде жұмыс жасайтын 600-ден астам жұмыс берушімен арнайы келісімге қол жеткізіпті.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.